×

Шекарадағы қазақстандықтар үшін «жасыл дәліз» енгізіледі - министр

 Дәурен Ерболат 29.09.2022 | 11:03
фото: ашық дереккөз

Шекарадағы қазақстандықтарды елге тез өткізу үшін «жасыл дәліз» ензігізілгелі жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше мен Ресей вице-премьерлерімен сөйлестім. Себебі шекарада Қазақстан азаматтары мен азық-түлік тиелген жүк көліктері тұр. Бүгін қос елдің шекара қызметі мәселені талқылайды. Олар «жасыл дәлізді» қамтамасыз етеді. Меніңше, «жасыл дәлізді» бүгін немесе ертең енгізу керек. - деді Сенат кулуарында журналистерге жауап берген министр.

Сондай-ақ ол «жасыл дәлізді» қазан айына дейін енгізу керектігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама