×

АҚШ Украинаға жаңа шабуылға шығу үшін Бахмутты тастап кетуді ұсынды

Ресей қаланы басып алса да оған соғыста артықшылықтар мен табыстар алып бере алмайды 

 Дастан Жұмабекұлы 26.01.2023 | 13:24
фото: ашық дереккөз

АҚШ билігі Украинаға көктемде жасалатын үлкен шабуылға тыңғылықты дайындалу үшін Бахмуттан әскерлерін әкетуге кеңес берді. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

Украина Бахмутты қорғауға тістей қатып жабысып қалмауы керек, оны қалайда ұстап тұруға күш салудың қажеті жоқ деп есептейді АҚШ. Олардың айтуынша, Ақ үй бар назарды Бахмутқа аудару Украинаның бұдан да маңызды міндет – Ресейдің оңтүстіктегі жалпы оккупациясына қарсы көктемгі шабуылға дайындалуына кедергі келтіреді. Тек көктемгі жаппай шабуыл ғана елді басқыншылардың қол астынан алып шығып, азат етуге жол ашып береді.

Қазір Бахмутта әскер саны көп Ресейдің басымдығы байқалып тұр. Кремль мұнда артиллерия мен әскерилерінің көп күшін шоғырландырып жатыр. Джо Байденнің әкімшілігі Ресейдің Бахмутты басып алуы оған соғыста артықшылықтар мен табыстар алып бере алмайды деп отыр. Украиндар бұл жерден жақсы қорғалған позицияға кете алады.

Сонымен бірге, бір мезгілде қаланы ұстап тұрып, екінші жағынан армияны көктемгі кең ауқымды соғысқа әзірлеуге Украина Қарулы күштерінің шамасы келмейді, – деп атап өтті Ақ үйдің өкілі.

Сондықтан АҚШ стратегиялық жағынан маңызы төмен мақсатқа ресурстарды босқа құрта бермеуді, мұның орнына бұл күштерді қайта жабдықтау үшін және Пентагонның басшылығымен бағдарламаларды үйренуге қосылудың пайдасы зор екенін ескертеді.

Тіпті Ресейдің өзі де Бахмут пен Соледарда табысқа жеткен күннің өзінде, мұнысы ұрыс даласындағы стратегиялық динамиканы өзгерте алмайды, – деді АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Джон Кирби арнайы брифингте.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаға берілетін соғыс көмегінің биылғы мөлшері 2,5 млрд доллар болатынын мәлімдеді. Олардың арасынан Nasams зенит-ракета кешенінің оқ-дәрілері, Avenger әуе шабуылына қарсы жүйесінің 8 қондырғысы, жоғары жылдамдықты радиолоакцияға қарсы HARM ракета кешені сынды қару-жарақтарды Украина жақын арада алып қалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама