×

«Алтын уақыты өтіп жатыр»: бокс менеджері Данияр Елеусіновке қатысты пікірін айтты

Ол кәсіби боксқа ауысқан соң өз менеджерлерімен келіспей қалған

 Еркеғали Болатұлы 30.05.2023 | 16:20
фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Бокс менеджері әрі матчмейкер Жалғас Түкешов боксшы Данияр Елеусіновке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bassport.kz хабарлады.

Айта кетсек, Данияр Елеусінов кәсіби боксқа ауысқан соң, өз менеджерлерімен келіспей қалған. Бүгінде ол 2 жылға жуық уақыт бойы ешбір жекпе-жек өткізген жоқ.

Қазақтың батыр ұлы Данияр Елеусінов менеджерлерімен соттасқалы жатыр. Олардың қарым-қатынасы жайлы ештеңе айта алмаймын. Себебі бұл – боксшы мен менеджер арасындағы жағдай. Ал Данияр – менің бауырым, жақсы араласамыз. Әуесқой бокста оған бағынбаған биік жоқ. Кәсіби бокстағы әлеуеті де жаман емес. Мықты тұжырымдар бойынша алғашқы ондыққа еніп жүрді.

Оның сотта жеңіп шығуына тілектеспін. Ең өкініштісі, Даниярдай мықты боксшының алтын уақыты осындай сотпен өтіп жатыр. Елеусінов қазақ боксының басты үміттерінің бірі еді», - деді Жалғас Түкешов.

Еске сала кетсек, Данияр Елеусінов – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы, Азия біріншілігің мен Азия ойындарының жеңімпазы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама