×

«Топас болсаң, Гарвард та көмектеспейді». Бердібек Сапарбаевтың шенеунік ұлы сұқбат берді

Жансұлтан Сапарбаев 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жүр

 Айнұр Шошаева 24.06.2022 | 10:35

Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев El-Orda YouTube арнасына берген сұқбатында жеке басына қатысты сұрақтарға жауап берді.

- Белгілі саясаткердің ұлы бола тұра мемлекеттік құрылымда жұмыс істеу қалай екен?

- Бала кезімнен осындай әкем басқарған отбасында өмір сүріп келемін. Әрине, маған деген талап әрқашан жоғары болды. Өйткені қашан да қоғамның жіті назарында жүресің. Әр қадамыңды аңдап басасың. Қатардағы қарапайым бала болсам, мұншалықты қиын болмас еді.

– Мектеп бітірген соң шетелдік университетке бармай, неге отандық оқу орнына түстіңіз?

– Мен мектепті елордада бітірдім. Одан әрі білім алу мәселесі туралы сөз болғанда, әкем маған: «Балам, топас болсаң, Гарвард та саған көмектеспейді. Ал басыңда ми болса, кез келген жерде оқи аласың» деді. Сондықтан таңдауым Еуразия ұлттық университетіне түсті. Ал мен бұған мүлдем өкінбеймін.   

- Осы сұқбатқа дайындалу кезінде, сіз туралы ақпарат іздедік. Сіз қоғам назарынан тыс жүретін адам сияқтысыз. Солай ма?

- Мен өзінің атқарған жұмыстары туралы айқайлап айтатын немесе жазатын адамдар қатарынан емеспін. Көбінесе өз міндеттерімді атқаруға тырысамын.

Жансұлтан Сапарбаев 1991 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. 2012-2014 жылдары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да әртүрлі қызмет атқарған.

2015-2016 жылдары - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі – аппарат басшысы;

2016 жылы - «Қазына капитал менеджмент» АҚ басқарушы директоры;

2016-2017 жылдары - Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі;

2017-2018 жылдары - Ұлттық экономика министрлігінде басқарма басшысы;

2018-2019 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2019 жылы - Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары;

2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама