×

«Елден кеткендер қайтып келеді»: Лукашенко Путинді жұбатуға тырысты (ВИДЕО)

Қашып жатқан адамдар елде қалса да бәрібір біздің адам болмайды ғой, -  деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 26.09.2022 | 16:14
фото: ашық дереккөз

Беларусь президенті Александр Лукашенко жұмыс сапарымен Сочи қаласына келіп, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Кездесу бейресми жағдайда болды. Осы басқосуда Беларусь басшысы Ресейде ішінара мобилизация жарияланғанда елден үдере көшкен адамдардың іс-әрекетін айыптап, Путинге қолдау көрсетті.

Жарайды делік, Ресейде 30 мың болсын, 50 мың адам қашып кетсе де олар бәрібір елге қайтып келеді. Ресейде әскерге 25 млн адам жұмыла алады. Ал қашып жатқан адамдар қашпаса бәрібір біздің адам болмайды ғой. Кете берсін, қаша берсін! Мен сіздің қалай ойлайтыныңызды білмеймін, ал мен мысалы, 2020 жылы елден біраз адам кеткенде сары уайымға салынып, бас ауыртқан жоқпын. Олар қайтып келуге өздері-ақ сұранады. Осы жолы қашып кеткендер де солай сұранады. Көресіз, уақыт көрсетеді. Уақыт бәрін көрсетеді. Сол кезде оларға қатысты дұрыс шешім қабылдау керек, –  деді ол.

Сонымен бірге ол Путинге екі елдің арасындағы сауда-саттықтың, саяси-экономикалық қарықатынастың тиісті деңгейде дамып келе жатқанын, соңғы үш айда екі мемлекеттің әлеуетті мүмкіндіктері артқанын атап өтті.

Соңғы үш айда біздің елдердің әлеуеті артты. Батыс елдерінің Ресей мен Беларусь санкцияларға шыдамай, ыдырап кетеді деген болжамдары көкке ұшты. Біздің елдер қайта аяққа тұрып жатыр. Білесіз бе, өмір деген әр қилы ғой. Біз біреулерге керек болмасақ, басқаларға керекпіз. Сол сияқты бізге де біреулер керек, біреулер мүлдем керек емес. Уақыт кімнің кім екенін көрсетіп жатыр. Бәріне уақыт төреше дейді ғой. Сондықтан сіз көп уайымдамаңыз. Бәрі жақсы болады, –  деді Лукашенко Путинге қарап.

Осыдан кейін кездесуде екі елдің мемлекет басшылары екі жақты саяси және экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселесін талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама