×

Мемлекеттік думаның төрағасы: «Шетелге қашқандар – сатқындар!»

«Кеткен адам қайтып келмей-ақ қойсын!  Оларды ешкім күтіп отырған жоқ», - деді залдағылар

 Дастан Жұмабекұлы 29.09.2022 | 11:10
фото: ашық дереккөз

Ресей Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володин ішінара мобилизациядан қашып, елден бас сауғалап, кеткен отандастарының қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Менің алдыма мынадай құжат келді. Грузияда шекара асып жатқан адамдар Ресейдің іс-әрекеті агрессия, ол тәуелсіз елдерге шабуыл жасап, Украина мен Грузияның жерлерін басып алған, Абхазия мен Оңтүстік Осетияның оккупациядағы территориялар деген құжатқа қол қою қойып жатыр екен. Ресейліктер осы құжатта көрсетілген тармақтарға қол қойса ғана Грузияға кіре алады делінген.  Бұл не өзі?! Бұл шекара аттап, шетелге кеткендер сатқындар дегенді білдіреді. Демек, олар – қылмыскерлер! Сондықтан кеткен адамның кеткені жақсы шығар. Өйткені, қашқындар елді, халықты сатып кетті.  Бірақ, біз бір ескерту жасауға тиіспіз. Егер олар елге қайтып келгісі келсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тіпті, оралмай-ақ қойса да болады. Олар біз үшін қылмыскер, –  деді ол.

Осы жерде Думаның депутаттарының біреуі «Кеткен адам қайтып келмей-ақ қойсын! Оларды ешкім күтіп отырған жоқ», деп айтып қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама