×

Атырауда оқушының телефонын тексерген анасы күтпеген жайтқа тап болды

Заңды өкілдерінің қатысуымен 4-сынып оқушыларынан жауап алынып жатыр

 Халық үні 07.10.2022 | 07:04
Фото: tolqyn.kz

Ұлының телефонын тексеріп, күдікті хабарламаларды оқыған анасы полицияға хабарласқан, деп хабарлайды AtyrauPress.

Белгілі болғандай, Атырау қаласына қарасты ауылдық округтердің бірінде 4 қазанда әйел сабақтан келген баласының телефонына what’s app желісімен келген күдікті хабарламаларды көрген. Бұл факті бойынша Атырау қалалық полиция басқармасы анықтап-тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Заңды өкілдерінің қатысуымен 4-сынып оқушыларынан жауап алынып жатыр. Мектеп маңындағы бейнекамералар тексеріліп, күдік тудырған мектептің 9-сынып оқушылары анықталды. Оқушылар мектеп жанындағы дүкеннен құрамында энергетикалық қоспалары бар ұнтақты сатып алып, артық мөлшерде пайдаланған. Ата-аналардың сұрауы бойынша энергетикалық ұнтақты сараптамаға жіберу мәселесі қарастырылуда» , -дейді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ мектепте жоғары сынып оқушылары ақша сұрап, әлімжеттік көрсетеді деген ақпарат бойынша тексеру басталып кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама