×

«Асты дәмді етіп даярлауды бұйырған»: қайын атасы келінінің басын кесіп алған

Қайғылы оқиға 1 қазанда болған

 Халық үні 07.10.2022 | 01:24
Фото: 24.kz

Өзбекстанның Ферғана облысында 64 жастағы ер адам өз келінімен сөзге келіп қалған, деп жазады gazeta.uz.

Қайғылы оқиға 1 қазанда болған. Жанжал үйде басталған. Қайын атасы кешке келініне асты дәмді етіп дарлауды бұйырған. Әйел қолынан келгенін істейтінін айтып, есікті итеріп жапқан. Есіктің әйнегі сынып кеткен.

Тергеу мәліметінше, ашуға булыққан қайын атасы ас үйге кіріп келіп, келінінің мойнынан ұрған. Ол есінен танып қалған. Кейін оны жырақ жерге апарып, басын кесіп алған, деп мәлімдеді елдің Бас прокуратурасы.

Келіннің кесілген басын пакентке салып, денесін қоқысқа лақтырған. Басын фермерлік шаруашылық аумағында жасырған, - деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама