×

Жетісуда алаяқ өзіне тиесілі емес жерді сатып, 9 млн теңгеден аса пайда тапқан

Оның қандай да бір мемлекеттік органдарға қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 21.10.2022 | 17:53
Фото: ашық дереккөз

Талдықорған полицейлері ірі алаяқтық жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, алаяқтың қылмыстық әрекетінен 6 адам зардап шеккен. Олар тиісті арызбен қалалық полиция бөліміне жүгінген. Жәбірленушілерге келтірілген залал әзірге 9,2 млн теңгені құрайды.

Сарқан ауданының тұрғыны болып шыққан күдіктінің жәбірленушілерге облыс орталығы аумағында және оның шетінде жер учаскелерін көрсетіп, олардың әрбіріне 10 соттық жерді 400 мың теңгеге сатып алуды ұсынғаны анықталды. Ер адам жәбірленушілерге әкімдікпен іскерлік байланысы бар екендігін айтқан әрі жақын арада учаскелерді халыққа беруді жоспарлап отыр деп сендірген. Қазір күдіктінің қандай да бір мемлекеттік органдарға қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады қалалық полиция бөлімі.

Барлық тіркелген фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабында («Алаяқтық») көзделген тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама