×

Орталық Азия ойындары қайта жанданады

Жарыс екі жылда бір рет болады

 Дастан Жұмабекұлы 26.10.2022 | 17:10
фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяда Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының Бас ассамблеясы аясында Орталық Азия елдері Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің кезекті сессиясы өтті.

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ҰОК өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі басты тақырып – Орталық Азия ойындарын қайта жаңғырту туралы мәселені талқылады.

Тараптар бірлескен спорт бағдарламасын әзірлеуге, сондай-ақ алдағы екі жылда Орталық Азия ойындарын қайта жалғастыруға келісті. Ойындарды ұйымдастырушы ел мен өтетін күні кейінірек хабарланатын болған.

Алғашқы Орталық Азия ойындары 1995 жылы Ташкентте өтті. Кейінгісі 1997 жылы Алматыда, 1999 жылы Бішкекте, соңғысы 2003 жылы Душанбеде ұйымдастырылды.

Орталық Азия ойындарына Қазақстан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан қатысады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама