×

ҰҚК Қызылорда облысында қылмыстық топтың 12 мүшесін ұстады

Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қылмыстық топ мүшелерін ұстады

 Халық үні 26.10.2022 | 19:33
ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ақша және мүлік бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады.

Қызылорда облысы прокуратурасының хабарлауынша, 18 қазанда арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталған.

«Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 2022 жылғы 18 қазанда Қызылорда қаласында кәсіпкерлерден, қарапайым азаматтардан қорқытып ақша мен мүліктер тартып алумен және есірткінің заңсыз айналымына байланысты бірнеше рет қылмыс жасады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық ортаның 12 мүшесін ұстады.Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Алдын ала тергеу жалғасуда. Осыған байланысты ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан жәбір көрген азаматтар не кәсіпкерлер болса, ҰҚК-ның Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментіне хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама