×

Алматы облысында жүргізуші 5 оқушыны қағып кетті

Апат салдарынан зардап шеккен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды

 Халық үні 26.11.2022 | 00:34
Фото: naryntany.kz

Алматы облысында жүргізші белгіленбеген жерден өткен 5 оқушыны қағып кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

«25 қазан күні сағат 19:50 шамасында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен», - деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаменті.

Апат салдарынан зардап шеккен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Жаяу жүргіншілер жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама