×

Павлодар облысында жарылыс болды

Жарылыстан 67 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті

 Халық үні 07.12.2022 | 06:31
фото: egemen.kz

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Салдарынан 67 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. Оның денесінің 40 процентін күйік шалған. Қазір ауруханада.

Алдын ала болжам бойынша, газ баллонын пайдалану ережесі сақталмаған. Содан жарылыс болып, үйдің шатыры өртенген. Ас үй мен кіре беріс опырылып түскен. Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілген. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама