×

Зеленский Донбасс үшін шайқасып жатқан майдан шебіне барды

Ол Донецк, Луганск облыстарымен бірге Қырымды да азат ететіндеріне сенімді

 Еркеғали Болатұлы 07.12.2022 | 15:00
фото: news.myseldon.com

Украина президенті Владимир Зеленский Армия күні мерекесінде шығыстағы майдан шебі маңында болып, Донбасс үшін шайқасып жатқан жауынгерлермен кездесті.

Оның айтуынша, Донецк облысын қорғау тұтас мемлекетті қорғау жолында шешуші рөл ойнайды.

Сондай-ақ президент Украина әскерінің Донецк, Луганск облыстарымен бірге Қырымды да азат ететініне сенім білдірді.

Айта кетсек, елдің қарулы күштері өткен айда оңтүстіктегі Херсон мен Днепр өзенінің батысынан ресейліктерді ығыстырып тастаған болатын. Ал қазір Донбасста Бахмут қаласы үшін күрес жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама