×

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Онда әскерге қатысты шешімдер қабылданды

 Динара Амантай 26.01.2023 | 09:09
Фото: akorda.kz

Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында Қарулы күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.

Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама