×

Дзюдодан Гран-при турнирінде екі қазақ қызы финалда белдесті

Әбиба мен Ғалия қарсылас шыдатпады

 Халық үні 28.01.2023 | 00:46
фото: ашық дереккөзден

Португалияның Алмада қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінде қос қазақстандық қыз «алтын» мен «күміс» алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Әйелдер арасында Қазақстан тарихында тұңғыш рет қос қазақстандық қыз Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақта финалға шықты.

Аталмыш салмақта барлығы 19 дзюдошы бақ сынап, солардың арасынан Әбиба мен Ғалия қарсылас шыдатпады.

Финалда Ә.Әбужақынова вазари әдісімен чемпион атанса, Ғалияға күміс жүлде бұйырды.

Осылайша, алғашқы жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын мен күміс медаль түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама