×

Теннистен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

 Финалдық додада 12 команда күш сынасады

 Дастан Жұмабекұлы 26.05.2023 | 08:52
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Лондонда Билли Джин Кинг кубогы (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстандық әйелдер құрамасы В тобында Билли Джин Кинг кубогын жеті рет жеңіп алған Австралиямен және Словениямен ойнайды.

Топтан бірінші орын алған команда ғана жарысты жалғастырып, жартылай финалға жолдама алады.

Қазақстан әйелдер құрамасы сәуір айында іріктеу сатысында Польшаны жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алған болатын.

Испанияның Севилья қаласында 7-12 қарашада өтетін финалдық додада 12 команда бақ сынайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама