×

Бокстан әлем чемпиондарына Астанадан 3 бөлмелі пәтер берілді

Алтын жүлде алған Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай 3 бөлмелі пәтер берілді

 Халық үні 27.05.2023 | 00:05
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында бокстан әлем чемпиондарына пәтер кілті табыс етілгенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай алтын жүлдегер атанды! Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық. Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр! Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін!» – деп жазды елорда әкімі.

Айта кетейік, Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бейресми есепте екінші орын алды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама