×

Астанада 700 тонна қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды

Қалада 2 санкцияланған полигон жұмыс істейді

 Динара Амантай 27.05.2023 | 16:34
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада 700 тонна стихиялық қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері аумақты аралау кезінде қоқыс толы камазды байқаған. Машина қалдықтарды шығару үшін бос жерлерге қарай бет алған. Қоқыс төгуге рұқсат етілмеген аумақта пайдаланылған құрылыс материалдарын шығару фактісі тіркеліп, табиғат қорғау полициясына берілді. Машинаның қай ұйымға тиесілі екеі анықталып, жауапқа тартылды.

Кәсіпкер жеке өзі 30 ауыр жүкті жалдау ақысын төледі. Олар 700 тонна стихиялық үйіндіні жойып, жиналған қоқысты арнайы полигонға шығарды. Сонымен қатар, кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды.

Нұра ауданында заңсыз қоқыс төгілген 8 негізгі орын анықталды. Жүйелі жұмыстың арқасында қаланы ластайтын жосықсыз кәсіпкерлердің бірі табылды. Мысалы, бір күн бұрын олар осы учаскелерді аралап шыққан болатын. Ол кезде қоқыс көлемі мұндай үлкен емес еді, жосықсыз кәсіпкерлердің тек түнде келетіні анықталды. Осы бағыттағы жұмысты аудан бойынша жалғастырамыз, – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов.

Айта кетсек, Астанада қайта өңдеу үшін құрылыс және басқа да ірі қалдықтарды төгуге болатын 2 санкцияланған полигон жұмыс істейді. Басқа учаскелерде қоқыс төгілсе заң бойынша жаза қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама