×

Кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Прокурор айғақтар ұсынбаса, қамау мерзімін ұзартатынын айтып қорқытқан 

фото: ашық дереккөзден

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге тергеу  изоляторында моральдық-психологиялық қысым көрсеткен прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Бұл туралы кәсіпкердің қорғаушысы Мұрат Амитов Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Еске салсақ, Қайрат Құдайберген өзіне қысым жасалғаны туралы тергеу изоляторынын хат жолдаған болатын.

«Тергеу изоляторында отырған өз қорғауымдағы Қайрат Құдайбергенге барған кезде, оның сөзінен Қазақстан бас прокуратурасы ведомствоаралық жедел тергеу тобының қандай да бір жедел қызметкері адвокаттар жоқ кезде Қайраттың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, моральдық-психологиялық қысым көрсеткенін білдік», - деп жазды қорғаушысы.

Айтуынша, прокурор Қайрат Құдайбергеннен қажетті айғақтарды ұсынбаса, қамау мерзімін ұзартатынын айтып қорқытқан. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама