×

Шымкентте матч кезінде стадион шатыры құлады

Бұл – бүгін мегаполистен жеткен үшінші жағымсыз жаңалық

 Қымбат Елтайқызы 21.05.2022 | 22:00
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте матч кезінде стадион шатыры құлап кетті, деп хабарлайды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.

«Шатыр құлады. Матч уақытша тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген БАҚ мәліметінде.

Оқиға Қажымұқан атындағы орталық стадионда «Ордабасы» мен «Ақсу» футбол командалары арасындағы матч кезінде болған. Шатыр қатты жел салдарынан ұшып кеткен.

Бұған дейін Шымкентте алапат жарылыс болып, ғимарат күзетшісі қаза тапты. Шымкентте үш бала көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама