×

Бейбіт тұрғынды өлтірген ресейлік сарбаз өмір бойына сотталды

Вадим Шишимарин тұтқынға түскен

 Халық үні 24.05.2022 | 01:26
Фото: kommersant.ru

Украина астанасы – Киев қаласында сот Сум облысының қарусыз тұрғыны 62 жастағы Александр Шелиповты өлтірген 21 жастағы ресейлік әскери қызметші Вадим Шишимаринге қатысты сот үкімі шықты. 

Сотта келтірілген дәлелдерге сәйкес, биылғы 28 ақпанда Вадим Шишимаринның әскери колоннасы оқтың астында қалған. Бас сауғалап қашқан бірнеше сарбаз жолда кетіп бара жатқан жеңіл автокөліктің дөңгелегін атып, оны басып алған.

Сөйтіп, жол бойында ұялы телефонмен сөйлесіп бара жатқан ер адамды көрген. Сол сәтте қасындағылар Вадимге қарт адамның украиндық әскерилерге хабарлауы мүмкін екенін айтып, оған атуды бұйырған. Шишимарин көлік терезесінен ер адамды автоматпен атып өлтірген.

Кейін Шишимарин тұтқынға түскен.

Вадим Шишимарин сотта өзінің кінәлі екенін мойындап, қайтыс болған ер адамның жесірінен кешірім сұрады. РФ сарбазы Александр Шелиповты өлтіргісі келмегенін, офицердің бұйрығымен атқанын айтты. Адвокат барлық жағдайды ескере отырып, сотталушыны ақтауды сұрады. Дегенмен, сот әскериді өмір бойына соттау туралы шешім шығарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама