×

Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан 2 ауылды сел басты

Жергілікті атқарушы органның комиссиясы залал мөлшерін анықтап жатыр

 Еркеғали Болатұлы 24.06.2022 | 10:44
фото: ашық дереккөз

Кеше сағат 20.00-де Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбыр жауып, Ырғайты өзенінен сел көтерілді. Соның салдарынан ауылдың жолдарын су басты. Сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің 2 шаруашылық құрылысы қирады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда мал шығыны бар. Қазір жергілікті атқарушы органның комиссиясы залал мөлшерін анықтап жатыр.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 8 қызметкер 2 техника, жергілікті атқару органдарынан 5 қызметкер және 2 техника барған.

Сонымен қатар, сағат 23:25-те Қордай ауданына қарасты Шарбақты ауылынан 4 шақырым жерде нөсер салдарынан Ырғайты өзенінің суы арнасынан асып кеткен. Оның жағасында 11 адам демалып жатқан болатын. Олардың алтауы дөңес жердегі аралда көлік ішінде қалып қойған. Сондай-ақ екпінді ағыс демалушылардың екінші көлігін шайып кеткен.

Бүгін сағат 01:15-те ТЖД құтқарушылары аралда қалған барлық адамды құтқарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама