×

«Қызылжар» клубының президентіне айыппұл салынды

Григорий Лория 600 мың теңге төлейді

 Дастан Жұмабекұлы 04.08.2022 | 18:16
фото: ашық дереккөз

Петропавлдың «Қызылжар» командасының президенті Григорий Лорияға 600 мың теңге айыппұл салынды. Мұндай шешімді Тәртіптік бақылау комитеті «Ақжайық» командасы қатысқан Қазақстан кубогының матчынан кейін шығарды. 

Матчтың ресми өкілдеріне балағат сөз айтқаны үшін Тәртіптік бақылау комитетінің 53-бабы бойынша «Қызылжар СК» президенті Григорий Лорияға 200 АЕК (612 мың теңге) айыппұл салынды. Лория 2022 жылдың 2 қыркүйегіне дейін бұл айыппұлды төлеуі керек, – делінген хабарламада.

Мамыр айында Лория ҚФФ мен ҚКФЛ ұйымдастыратын жеті ойыннан шеттетіліп, 150 АЕК айыппұл арқалаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама