×

Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды (ВИДЕО)

Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды

 Халық үні 07.08.2022 | 07:12
фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысында Жетібай-Шетпе тасжолының 96-шақырымында екі көлік соқтығысып, салдарынан 1 адам көз жұмды, тағы 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық Полициясы департаментінің баспасөз қызметі. 

«Шетпе аулына келе жатқан УАЗ автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Prado автокөлігімен соғысқан. Екі көлік те өртенген. УАЗ автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал 5 адам ауруханаға жеткізілді», - дейді Маңғыстау облыстық Полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама