×

Ресейліктердің көшін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр

Қазіргі таңда ел аумағына 5 мың ресейлік өткен

 Халық үні 24.09.2022 | 08:27
фото: rus.azattyq

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғалы мыңдаған адам көрші елдерге кетіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы. 

Өткен тәулікте Финляндия аумағына 5 мың адам өткен. Сондықтан ресми Хельскинки қазір ресейліктердің көшін шектеу мәселесін қарастырып жатыр.

Осындай ахуал Ресейдің Моңғолиямен, Қазақстанмен, Грузиямен шекараларында да қалыптасып отыр.

Кремль басшысының жарлығы бойынша Ресей запастағы 300 мың резервисті әскер қатарына шақыру науқанын бастады.

Сапқа қайта тұрған азаматтар бірнеше апталық дайындықтан кейін Украинаға жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама