×

Алматыда жасөспірім 18-қабаттан секіріп кетті

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Халық үні 29.09.2022 | 13:00
Фото: ашық дереккөз

Алматыда 15 жастағы жасөспірім 18-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап қайтыс болды.

Полицияның хабарлауынша, бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Алматы қаласының полиция департаменті 18-қабаттағы пәтердің терезесінен құлау салдарынан 2007 жылы туған жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлайды. Бұл дерек қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп хабарлады полиция.

Сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан секіріп кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды

Жасөспірім қаладағы №24 гимназияда 9-сыныпта оқыған. Мектеп басшылығы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама