Димаш Құдайберген туған бауырларын шоу-бизнестің көшіне қоспақ. Музыкант інісі Әбілмансұр мен қарындасы Раушанмен бірге бейнебаян жарыққа шығарды. Өнерлі әулеттің ұл-қыздары «Together» әніне клип таспалаған. Аталмыш композиция 16 жастағы Әбілмансұрға тиесілі.

«Космосқа саяхат!» Жаңа бейнебаян арнайы графикамен жасалған. Димаш пен Әбілмансұр видеода ғарышкерлердің образын сомдайды. Ал Раушан екі ағасын Жерде күтіп жүреді.

Туындының тұсауы кесілгеніне бір күн ғана болса да, ол бүгінде YouTube платформасында 28-орында трендке айналды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: