Индира Еділбаева тұрмысқа шықпақ! Әнші инстаграм парақшасында сүйіктісінің сөз салған сәтін көрсетіп, қуанышты жаңалықты оқырмандарымен бөлісті. Индидің өміріндегі маңызды күн Балиде орын алған. Сылқым ғашығымен Индонезия аралдарына демалысқа аттанған еді.

I said yes! Индира Еділбаева қалыңдық атанды! Әншінің сүйіктісі кім?

«Дәл сол сәтте қатты қобалжиды екенсің. Менің айтарға сөзім жоқ. Менде тек махаббат бар»,деген Инди сүйіктісінен мұндай қадамды күтпегенін айтады. Өнерлі аруға жүрегі мен жүзігін ұсынған — Камирдинов Камалдин. 31 жастағы сері бүгінде The Limba, Moreart, Liili сынды әртістердің менеджері болып қызмет етеді.

Индира Еділбаева

Камалдин сондай-ақ, таяуда ғана Индидің 32 жас туған күнін естен кетпестей етіп Балиде ұйымдастырып берді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: