Тікелей эфир

Президент Мәулен Әшімбаевты парламент сенатының төрағалығына ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламент сенатының отырысы өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевтың бұған дейін сенат төрағасы ретінде табысты жұмыс істегенін және заң шығару жұмысын жақсы білетінін айтты. 

"Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес сенат төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны сенат төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!" – деді мемлекет басшысы. 


Оқи отырыңыз: Президент: Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды


Мәулен Әшімбаев 2020 жылдан бастап палата төрағасы қызметін атқарды. Бұған дейін ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, президенттің көмекшісі болды.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары