Тікелей эфир

Тоқаев: Әділдік, ашықтық және шынайы бәсеке – реформалардың негізгі арқауы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламент сенатының отырысы өтті.

Мемлекет басшысы жаңа саяси реформалардың билік институттары жүйесінің тепе-теңдігін қалыптастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол елдегі конституциялық реформаларды "жаңа саяси дәуірдің бастауы" деп атады. 

"Елімізде "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидаты орныға түсті. Бұл реформалар билік институттары жүйесінің тепе-теңдігін қалыптастырады. Елдегі саяси үдеріске азаматтардың қатысуына жол ашады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыра түседі. Біздің осы бастамаларымызға қоғам өкілдері қолдау білдірді. Ауқымды жаңғырту жұмысын жүргізуге мүмкіндік туды. Соның арқасында бірнеше жылда айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Бірақ, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі ауқымды жұмыс бар", – деді президент. 

Мұнымен қатар, президент мұнымен тоқтамай, алда әлі ауқымды жұмыстар қолға алынатынын айтты.  

"Басты мақсатымыздың бірі – қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру. Ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Онсыз тұрақты әрі жан-жақты даму мүмкін емес. Референдумда халықтың қолдауына ие болған конституциялық реформаны жаңа саяси дәуірдің бастауы деуге болады. Бұл өзгерістер еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашты. Әділдік, ашықтық және шынайы бәсеке реформалардың негізгі арқауына айналды", – деді мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары