Қазақ деген — батыр халық қой, шіркін!
Қазақ деген — ақылды, данышпан, кемеңгер халық!.. Кез-келген әлеуметтік желіні ашып қалсаң, Абайды шаң қаптыратын, ақылы басына сыймай, миы тасып-төгіліп жатқан данышпандар.
Баяғыда, әлеуметтік желі жоқ ерте заманда теледидардан «Наша Раша» деген бірдеңені көрсететін. Сондағы кейіпкер Сергей ме еді, Иван ба еді, әйтеуір жұмыссыз, сақал-шашы өскен, түрі келіспей қалған алқаш орыс мұжығының типтік образын жақсы ашқан.
Өзі жұмыссыз, өзі жалқау, кешке дейін бар бітіретіні — диванда жатып алып теледидар көру. Теледидардың ішіндегі диктормен де, журналистпен де, тіпті жарнамадағы кейіпкерлермен де не ұрсысып, не боқтап отырады.
Оның барлық бақытсыздығына әйелі кінәлі, баласы кінәлі, өкімет пен партия кінәлі, шенеуніктер мен олигархтар кінәлі, ГАИ кінәлі, МАИ кінәлі…
Дегенмен, қанша жерден сауатсыз, білімсіз болса да, оның әр сөзінің жаны бар, сөздері мірдің оғындай, нысанаға дөп тиеді.
Маған, сізге, бізге ұқсаған дегенім ғой…
деп жазыпты Сәуле Әбілдаханқызы.