Киностудия ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды.
Актер Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті қызметіне тағайындалды.
Асхат Оралов атап өткендей, министрлік 2030 жылға қарай жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35%-ға дейін ұлғайтуға ниетті. Ал прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 30%-ға дейін жеткізу көзделіпті.
Азамат Сатыбалды ұзақ уақыт М.Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті, Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын 3 жыл бойы басқарды.
Бүгінгі күнге дейін, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарып келген.