Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, былтыр Қазақстанның сұлулық индустриясы 89,9 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.
Нақты айтар болсақ, әйелдерге көрсетілген шаштараз қызметінің көлемі 28,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,1 есе көп. Ал ерлер шаштараздарының көрсеткен қызметінің жалпы сомасы 10,6 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге артық.
Ал әйелдерге жасалатын маникюр мен педикюр ерлер шаштараз қызметінен екі есеге көп. Өткен жылы жалпы 22,2 млрд теңгеге әйелдер тырнақтарын әрлеген, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10,4 млрд теңге болған.
Сұлулық салондарындағы өзге де қызметтер көлемі 28,4 млрд теңгені құрады. (2021ж. – 11,2 млрд теңге).
Дегенмен, 2023 жылдың маусымында шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет бағасы өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 15,1% өскен. Бұл статистикаға айтарлықтай әсер ете ме, оны келесі жылы білеміз.