Ресей тағы да бейбіт тұрғындар өмір сүріп жатқан жерге соққы жасады. Днепрдегі тұрғын үй — ешқандай да әскери нысан емес.
Ресей зымырмен атқан тұрғын үй кешенінде 16 подъезд болған. 1700 адам өмір сүріп жатқан. Ал түгі қалмай қираған подъезде 72 пәтер болған. 100-200-ге жуық адам, 50 бала өмір сүріп жатқан.
Ресейдің шабуылынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 18 адамға жетті. 73 адам жарақат алған, оның ішінде 14 бала бар. Қаза тапқан 5 адамның 1-еуі сәби. Жараланғандардың ең кішкенесі 3 жаста. 9 жасар қыз аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Днепрдегі 1000-нан аса адам қазір далада қалды. Буча, Киевке киіз үй тіккен азаматтар Днепрге де дәл қазір киіз үй керек. Жергілікті басшылық тұрғын үй мәселесін шешкенше паналайтын орын болар еді.
Днепрге Х-22 зымыраны атылған. Ту-22МЗ бомбалаушы ұшағымен атқылаған. Бомбалаушы ұшақ Курск бағытынан ұшқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл Хрущев кезінде әзірленіп, қолданысқа енгізілген бомбалаушы һәм зымыран. Мақсаты: Америкалық нысанды жоюға арналған. Алайда дәлдігі жағынан сапасы сын көтермейді. Оны бүгін Днепрде анық көріп отырмыз.
Днепрде 3 күн қаралы күн жарияланды. 40 адамның тағдыры белгісіз. Олар із-түссіз жоғалғандар есебінде. Үйінді астында болуы мүмкін.