Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің Екібастұздағы апатты жөндеу жұмысы барысын тыңдап, бірнеше тапсырма берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент үкіметке мынадай тапсырма берді:
- Еліміздің қалаларын қысқы жылыту маусымына дайындауда жіберілген қате есептеулерге жан-жақты талдау жүргізу;
- Екібастұздағы да, басқа елді мекендердегі де нашар жағдайды түбегейлі өзгерту үшін нақты шешімдер қабылдау;
- Жекешелендірілген энергетика активтерге және олардың иелерінің жауапкершілігіне қатысты мәселелерді шешу.
Президент Үкімет пен құқық қорғау органдарының энергетика нысандарындағы жағдай бойынша барлық жұмысы оның жеке бақылауында екенін баса айтты.