ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады.
Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің «ROMANTIC» гүл салоны мен «Eldorado» ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді.
Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі «Салғырттық» бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады.
Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады.
Бұған дейін гүл сатушының соққыға жыққан экс-полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Сондай-ақ оқиғаның екінші қатысушы Шымкенттегі мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері болып шықты.