Gallup сауалнамасы нәтижесіне сәйкес, украиналықтардың 70%-і Ресеймен соғысты жеңіске дейін жалғастырғысы келеді. Респонденттің 91%-і Ресей аннекциялаған барлық Украина аумағын, оның ішінде Қырымды қайтару керек деп санайды. Бұл туралы «Голос Америки» басылымы хабарлады.
Сауалнама 2-11 қыркүйек аралығында, украин күштері елдің шығысында контршабуылдың нәтижесінде аумақтарды өзіне қайтарып, жергілікті халықтың еңсесі көтерілген кезде Украинаның барлық аумағында жүргізілді.
Украина қарулы күштері қазір Херсонға жақындады, бірақ Ресей Украинадағы азаматтық нысандар мен инфрақұрылымға бірқатар әуе шабуылын жасағандықтан, олардың аймақтағы ілгерілеуі баяулады.
Gallup сауалнама нәтижелері бойынша осы аптада жариялаған аналитикалық есептер топтамасының жетекшісі Р.Дж. Рейнхарт ресейлік жарылыстардың қоғамдық пікірге қалай әсер еткенін болжау әлі ерте екенін айтты.
Бүгіннің өзінде ресейліктер алдағы қысты шынымен суық және қараңғы маусымға айналдыру үшін Украинадағы электростанцияларын көздеп отыр, Олар соның арқасында украин халқы күрестен бас тартады және қалай болғанда да «орыстар жеңеді» немесе «украиндықтар жеңіледі» деген шешім шығарады деп үміттенеді. Бірақ мұның басқа жағы да бар. Бұл оларды (украиндықтарды) бұдан да қатал күреске итермелеуі мүмкін.
— деді әлеуметтанушы Р.Дж. Рейнхарт
Сонымен бірге сауалнама нәтижесі бойынша, соғыстың жеңіске дейін жалғасуын ұрыс аумағындағыларға қарағанда көбіне одан алыс тұратындар қолдайды.
Әскери қимылдардың жалғасуын көбіне Киев (83%), елдің батыс (82%), орталық (78%) және солтүстік (75%) аймақтарындағылар қолдайды. Шығыста (56%) және оңтүстікте (58%) әлдеқайда бәсеңдеу.
Gallup
Оған қоса сауалнамада респонденттерден АҚШ, Қытай, Ресей және Германияны қоса алғанда, ірі елдердің көшбасшылығына көзқарасын сұрады.
Ресей басшылығы туралы түсінік нашарлады: қазір украиндықтардың 0,5%-тен азы Ресей басшылығын мақұлдайды. Ресейдің негізгі одақтасы Қытайға деген көзқарас та өте нашар: 2021 жылы бұл көрсеткіш 36% болса, қазір украиндықтардың 14% ғана Қытайдың әрекетін құптайды.
деді Рейнхарт «Голос Америки» басылымына берген сұхбатында.