Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдарға Ұлттық олимпиада комитеті қауымдастығының атқару комитетінің құрамына қайта сайланды.
Құлыбаевтың кандидатурасын Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) континент өкілі ретінде ұсынды. Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері Құрлықтық қауымдастықтың Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті.
Ұлттық Олимпиада комитеттерінің — Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған 206 Ұлттық Олимпиада комитеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Ол бес құрлықтық ассоциацияларға бөлінеді: Африка (ҰОКАА), Америка (ПАСО), Азия (ОСА), Еуропа (ЕОК) және Океания (НОКО).
2012 жылдан бері қауымдастықты Азия Олимпиада кеңесінің де төрағасы Кувейт Шейхы Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах басқарады. Енді Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев ҰОКА-нің атқарушы комитетіне қайта сайланды. Бұған дейін ол комитеттің Халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының мүшесі болды.