Осылайша Американың ірі мегаполисі билігі Республика күніне орай, Қазақстан халқына құрмет көрсетуге шешім қабылдады.
Салтанатты шараға мэр Эрик Адамс қатысты. Ол бұл шараның бүкіл қалаға қуат беретінін атап өтті.
Қазақстандықтар — Нью-Йоркті жақсы көретін және құрметтейтіндердің бірі. Мұнда өте белсенді қоғамдастық бар. Сіз бизнес ашып, елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтасыз. Біз бас консулмен көп жылдан бері доспыз. Біз туды көтеру арқылы қаланың қуатын, рухын көтереміз. Қаламыздың мәдени әртүрлілігіне қосқан үлесіңіз үшін рахмет.
деді Эрик Адамс.