«Алдараспан» әзіл-ысқақ театрының директоры, актер Нұржан Төлендиев қызы Қорланды ұзатып, құдалығын дүркіретіп атап өтті.
Дәл қазір Нұржан Төлендиевтің шаңырағында өткен дүбірлі думанның видеолары ғаламторға тарап кетті.
Видеодан құдалар киітті түйеге салып әкелгенін байқауға болады.
Бұл рәсімді жұрт екіұшты қабылдады. Бірі «Соншалықты болған соң пілмен келмедіңдер ме» деген де пікір жазған.
Сондай-ақ Төлендиев әулетінің күйеу баланы қарсы алу сәтіндегі ырымдар жұртқа жақпай қалған көрінеді. Әлеуметтік желіде тараған бейнекадрда «Туканың» туыстары күйеу жігіттің бетіне ұн жағып, оған отқа май құйғызғанын анық аңғаруға болады. Дәл сол сәт желі қолданушыларының ашуын тудырған.
«Сұмдық! Жігіт бетіне май жағып жатыр ғой. Ұят-ай, олай дұрыс емес қой», «Май емес, ол ұн», «Жігіт отқа май құя ма?», «Келін отқа май құятын еді. Күйеу бала құйған қай жердің салты?»,
деп сынады халық.