«Ресейдегі қазір сұмдық абсурд жағдай боп тұр: біреулер Путиннің сандырақ идеясына көнбістік танытып, бөтен елдің топырағында өлуге кетіп жатыр. Енді біреулер бұл мәнсіз соғысқа қатыспау үшін елден қашып жатыр. Бұл екі топтың көзқарасы әртүрлі болғанымен, анық нәрсе біреу – ресейліктерге жалпы еркіндік, бостандық қажет емес, дейді журналист Ибраш Нүсіпбаев.
Орыс адамының осындай түсініксіз ерекшелігі бар. Ол туралы өткен ғасырдың 40-шы жылдары Евгений Шварц өзінің «Дракон» деген пьесасында жақсылап жазып кеткен.
– Соңғы 20 жылдағы Ресей тарихына қарасақ, орыс адамына құлдықта болған ұнайды екен. Тағдырымыз, тарихымыз осындай деп қабылдайды. Ал еркіндіктен, керісінше, қатты қорқады. Одан ша үйреншікті қалыбым, құл болғаным тыныш деп санайды. Сол себепті бүгінгі Ресей бір адамға бағынып, соның құлы болғанды таңдап отыр,
дейді ол.