Жануарлар 27 қараша күні еркін жайылымнан жоғалып кеткен.
2 желтоқсан күні СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылындағы үйірде 50 жылқының жетіспейтіні туралы хабарлама түскен. Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Салдарынан мұз жарылып, суға батып кеткен.
Бұл дерек бойынша Айыртау ауданының полиция бөлімінде тергеу басталды.
Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, нақты қанша жануар өлгенін анықтап жатыр.