Құқық қорғаушы Дина Тансари 15 жасар қызын оның рұқсатынсыз тұрмысқа берді деген әкесінің үндеуін жариялады.
Ер адамның айтуынша, жігіт қызын алып қашып кеткен, ал анасына қалың мал ретінде 600 мың теңге төлеген. Қыздың әкесі полицияға арыз жазды. Ол қыздың анасымен бірге тұрмайтынын, бірақ алимент төлейтінін атап өтті.
Әкесі 2022 жылдың соңында қызын алып қашу салты бойынша ұрлап әкетіп, Жетісай ауданына апарып, беташар рәсімін өткізгенін айтты. Әкесі болған оқиға туралы әлеуметтік желілерден білген.
Ер адам кәмелетке толмаған қызға қарсы қылмыс жасаған кінәлілердің барлығын жазалауды сұрайды.