Түркияға көмекке барған құтқарушыларға төтенше жағдайлар министрлігінің бюджетінен ақшалай сыйақы төленеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді.
Бұған дейін мемлекет басшысы Түркияға барған құтқарушылардың бәрі марапатталатынын айтқанын білесіздер. Төтенше жағдай министрлігі құтқару операциясына қатысқан азаматтардың тізімі мен құжаттарын президент әкімшілігіне жолдады. Ал ақшалай сыйақыны министрлік өз бюджетінен береді. Бәріне төленеді,
деді вице-министр.
Оның айтуынша, қазақстындық құтқарушының барлығы елге оралды.
18 ақпанда бірінші топ, 19 ақпанда екінші топ елге ұшып шықты. Соңғы топты өзім ертіп шықтым. Қазір Түркияда қазақстандық құтқарушылар қалған жоқ,
деді Ибрагим Кұлшімбаев.