Осылайша, ел билігі туудың рекордтық төмен деңгейін арттырғысы келеді.
Қытай үкіметі елдегі туу көрсеткіштерін арттыру үшін күресуге ниетті. Қазір халық санының өсуі әлемдегі ең төменгі деңгейлердің бірінде.
Қытайдың Денсаулық сақтау саласы өкілдерінің айтуынша, биыл елде туған балалар саны 10 миллионға дейін азаяды, 2021 жылы Қытайда 10,6 миллион бала дүниеге келді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 11,5%-ға аз.
1980 жылдан 2015 жылға дейін «бір бала» саясатын енгізген Қытай демографиялық құлдырау алдында тұрғанын ресми түрде мойындады. 2016 жылы билік ерлі-зайыптыларға екі бала, ал 2021 жылы үш бала табуға рұқсат берді.
Бала тууды ынталандыру үшін бірқатар шаралар қабылданды, мысалы, салықтық жеңілдіктер, жүктілік және босану үшін ұзақ мерзімді демалыс, кеңейтілген медициналық сақтандыру, тұрғын үй субсидиялары, үшінші балаға қосымша төлемдер және қымбат тұратын жеке оқу үшін өтемақы.
Енді Денсаулық сақтау қызметкерлері Қытайда жасалатын түсік санын азайтуды қолға алды.
Ұлттық комиссияның есебіне сәйкес, 2015-2019 жылдар аралығында жасалған түсік саны 9,5 миллионнан асқан.