Әлеуметтік желіде Атырауда 13 жасар жасөспірімді көлікте зорламақ болған күдіктінің ішкі ағзасында қан кетуі салдарынан камерада қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Алайда полиция мұның жалған екенін айтты.
6 желтоқсанда жасөспірімді зорламақ болған жерінде ұсталған адамның қамауда қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жауапты екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, факт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жүргізіліп жатыр,
деді полиция өкілдері.