Төтенше жағдай салдарынан жылусыз қалған Екібастұз қаласының тұрғындары қараша-желтоқсан айында жылу энергиясы үшін ақы төлемейді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орталық Азия энергетикалық корпорациясының Басқарма төрағасы Бағдат Орал жылуға ақы төлеу мәселесі туралы мәлімдеді.
Жылусыз қалған көпқабатты үйлердің тұрғындары қараша мен желтоқсан айларында жылу энергиясы үшін ақы төлемейді. Параметрлер азайған, жылытылмаған үйлердің тұрғындары үшін қайта есептеу жоспарлап отыр,
деді ол.
Бағдат Оралдың сөзінше, подъездерде, пәтерлерде жылумен жабдықтаудың барлық ішкі жүйесі ауыстырылып жатыр. Бұл жұмыстың бәрі «Экибастузтеплоэнерго»-ның өзіне қаржылық көмек көрсететін холдинг тобының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда қаржылық көмек шамамен 891 млн теңге болды.
27 қараша күні түнде Екібастұздағы апатқа байланысты жылу мен ыстық су өшті. Энергетика министрлігі жылу құбырларының 70%-дан астамы әбден тозғаны туралы хабарлады.
28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.