13 шілде 2023 12:38

Ақтөбеде "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 шілде күні "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қатысушыларын қала әкімі Азамат Бекет құттықтады:


12 шілде күні "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қатысушыларын қала әкімі Азамат Бекет құттықтады:

"Бұл "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы еліміз бойынша биыл оныншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Халқымызда "Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы", "Отан отбасынан басталады" деген ұлағатты сөздер бар. Бұл байқаудың қоғамда маңызы өте зор. Өнегелі, өнерлі, еңбеккер отбасыларды насихаттау арқылы біз жастарды тәрбиелейміз.

Биыл осы байқаудың қалалық кезеңіне 30 отбасы қатысты. Комиссия шешімімен жеңімпаз деп танылған отбасылар енді облыстық, одан кейін республикалық байқауға қатысатын болады. Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын! Ал жеңімпаз отбасыға сәттілік тілеймін! Баршаңызға бақыт, береке-бірлік тілеймін. Шаңырақ шайқалмасын, ел іргесі берік болсын! Қаламызда мерейлі отбасылар көп болсын", - деді қала әкімі Азамат Бекет.

Айта кету керек, ұлттық байқау биыл елімізде оныншы рет өткізіліп отыр. Байқауға қатысуға қала бойынша 30 отбасы өтінім беріп, оның 30-ы комиссия қарауына жіберілді. Комиссия шешімімен 4 отбасы жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар табысталады: 500,0 мың теңге (бас жүлде), 450,0 мың теңге (1 орын), 350,0 мың теңге (2 орын), 250,0 мың теңге (3 орын). Қалған қатысушыларға қала әкімінің алғыс хаты мен ынталандыру сыйлықтары табысталады.

"Мерейлі отбасы" байқауының қалалық кезеңінде бас жүлдені 53 жыл отасып, 7 бала, 17 немеренің ата-әжесі болып отырған Тобылбаевтар отбасы алды. Бұл отбасы - мұғалімдер мен дәрігерлер әулеті. Отбасы әртүрлі қайырымдылық шараларына қатысып, волонтерлікпен айналысады.

Ал бірінші орынды отбасы тәрбиесі туралы бірнеше кітаптардың авторы, жасы 82-ге келген ақсақал Марат Қабижановтың әулеті алды. Ақсақал зайыбы Марияшпен 56 жыл отасып, 6 баладан 29 немере, 8 шөбере сүйіп отыр.

Екінші орын Жолымбетовтер отбасына бұйырды. Үлкен әулеттің ақсақалы Демеубай Жолымбетов "СНПС Ақтөбе мұнай газ" мекемесінен зейнетке шыққан. Ол - ұлттық төл өнерімізді халықаралық көлемде насихаттап жүрген жыршы, термеші.

Үшінші жүлде Қабақбаевтар отбасына бұйырды. Отағасы Жанғабыл Қабақбаев саналы ғұмырын журналистика мен мемлекеттік тілді насихаттауға арнады. Қазақстанның құрметті журналисі.

Ақтөбе қаласының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети