24 тамыз 2023 15:06

Қызылорда облысында оқушыны аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қызылорда облысында оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысында оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылдың сәуірінде әлеуметтік желіде екі адамның жерде жатқан жасөспірімді аяусыз ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады. Ол ауыр жарақат алған. Бұған дейін полицейлер "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүргізген болатын.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 107-бабы 2-бөлігі 5, 8-тармақтары бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдер О., Б., К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

"2023 жылғы 6 сәуірде сағат 14:00 шамасында саябақта жәбірленуші С.-мен келіспеушіліктен кейін оны қоршап алып, жерге құлатып, аяғынан теуіп, кейін бірнеше рет жұдырықпен бетіне, кеудесіне және басына соққы жасаған. Одан кейін олар оқиға орнынан ізін суытқан", - деді Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сот отырысында кәмелетке толмаған екі сотталушы өз кінәсін толық мойындаса, үшіншісі кінәсін мойындамады.

"Сот үкімі бойынша кәмелетке толмаған сотталушылар кінәлі деп танылды, оларға қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - деп толықтырды сот.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети